Қызылордада 7 мыңнан астам тұрғынға тиісті тегін дәрі-дәрмек берілмеген

1 339

gov.kzҚызылорда облысының прокуратура органдары дәрілік заттар айналымы саласындағы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тексеріс нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде облыстың 7 мыңнан астам тұрғынының дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегені анықталды.


Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жас шамасы ескерілмей, 1 мыңнан астам кәмелетке толмағанға негізсіз дәрі-дәрмек тағайындалған.


Медициналық көрсетімдерсіз 170 науқас инсулин препараттарымен қамтамасыз етілген.



«Одан бөлек, 68 дана медициналық препараттың сақтау талаптары бұзылып, 2 науқасқа жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар тағайындалған. Сонымен қатар өңірдің 14 медицина ұйымында заңсыз фармацевтикалық қызметпен 19 жұмыскер айналысқан. Анықталған заңдылықты бұзулар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қарау нәтижесімен 93 тұлға жауаптылыққа тартылған», - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.