Қызылордада 7 мыңнан астам тұрғынға тиісті тегін дәрі-дәрмек берілмеген
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда облысының прокуратура органдары дәрілік заттар айналымы саласындағы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тексеріс нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде облыстың 7 мыңнан астам тұрғынының дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегені анықталды.
Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жас шамасы ескерілмей, 1 мыңнан астам кәмелетке толмағанға негізсіз дәрі-дәрмек тағайындалған.
Медициналық көрсетімдерсіз 170 науқас инсулин препараттарымен қамтамасыз етілген.
Қаз
Рус






