Ер адам туған анасын сабап тастаған

1 373

Фото: pixabay.comАқтау қаласында еңгезердей ер адам араққа мас болып, анасын сабап тастаған. Жергілікті полиция оны қалай қолға түсіргенін жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107 бабы 1 тармағы бойынша ұсталды. Ол ішімдікке мас күйінде анасын сабаған», - деп хабарлады Ақтау полициясы.

Сот оны бұл бап бойынша кінәлі деп тапса, шешесін аямаған ер адам 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегіледі. Болмаса, сот оны екі жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.