Бекіре балығын аулаған тұрғындар 3 жылға сотталмақ

451

Маңғыстаулық екі тұрғын 17 бекіре балығы үшін 3 жылға сотталуы мүмкін, - деп  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Маңғыстау облысында полицейлер екі балықшыдан 94 келі бекіре тәркіледі. Полиция тәркіленген балықты "Kazakh Osseter" ЖШС мекемесіне берген. 


"24 маусымда 03:00 шамасында полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары кезінде Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында ақ түсті Volvo ХС90 көлігі тоқтатылды. Тінту кезінде жүксалғышынан 17 дана заңсыз ауланған бекіре балығы тәркіленді", – делінген хабарламада. 


Күдіктілер 24 және 25 жаста екен. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 339-бабы "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша тіркелді. Енді ер адамдар 3 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.