Екі жүкті әйел бір күнде көз жұмды
510
Атырау облысында бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысында бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды. Алғашқы жағдай 12 қазан күні облыстық ауруханада тіркелді. Онда Мақат ауданының 33 жасар тұрғыны жүктілігінің 17 аптасында қайтыс болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуәлиевтің айтуынша, ол «менингиома» диагнозымен неврапатологтың есебінде тұрған.
Науқас ауруханада зертханалық диагностикалық және аспаптық зерттеулерден өтіп, мамандардан кеңес алды. Тиісті ем тағайындалып, екі күннен кейін, 11 қазанда жағдайы нашарлауына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылды да жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Алайда науқас 12 қазан күні қайтыс болды.
Екінші жағдай 12 қазан күні Мақат аудандық ауруханасында тіркелді. Қабылдау бөліміне жүктілігінің 32 аптасында 34 жастағы жүкті әйел келіп түскен. Оған алдын ала «пневмония» диагнозы қойылды. Ауруханаға түскен сәтте жағдайы ауыр болғандықтан, бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Алайда көрсетілген емге қарамастан, науқас көз жұмды. Оған көз жұмған соң «вирустық бактериалдық генез сепсисі» деген диагноз қойылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, қазір жүкті әйелдердің неден қайтыс болғандығын анықтау үшін комиссия құрылды. Қолда бар материалдар жинақталып, паталогоанатомиялық сараптама қорытындысынан кейін нақтыланады.
Айта кетейік, екі әйелдің де артында балалары қалды.
Жыл басынан бері Атырау облысында 5 ана өлімі тіркелді. Ал 2021 жылы 20 жүкті әйел қайтыс болған. Оның 16-сы КВИ-ден көз жұмды.

Оның ауруы бір жыл бұрын басталған. Сол кезде марқұмның басы қатты ауырып, сәуір айында тексеруден өтіп, ем алған. Осы айдың мамыр айында бас ауруының үдей түсуіне байланысты МРТ жасалынып, соңғы аптада бас ауруы асқына түсіп, жүрек айну басталған. Ал 9 қазан күні облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөліміне түсіп, оған ми тақтасының үстіндегі мидың қатерсіз ісігі деген диагноз қойылған, - деді А.Байдуәлиев.