16 маусымнан бастап ипотека беру тоқтайды

1 564

Фото: pixabay.comӘлеуметтік желілерде 16 маусымнан бастап Қазақстандағы кейбір банктер ипотека беруді уақытша тоқтатады деген ақпарат тарап жатыр. Алайда еліміздегі бірқатар банктер қалыпты режимде ипотека беріп жатқаны белгілі болды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін жылдық 25%-дан 20%-ға дейін төмендетуге байланысты бірқатар қазақстандық банктер 2025 жылдың 16 маусымынан бастап ипотека беруді тоқтатады деген ақпарат белсенді түрде таралуда.

Еліміздегі банктер қалыпты режимде ипотека беруді жалғастыруда. 

Freedom, Bank CenterCredit және Halyk банктері қалыпты режимде ипотека беріп жатқандарын мәлімдеді.

Bank RBK қалыпты режимде ипотека беруде, бірақ "жаңа ең жоғары пайыздық мөлшерлеме туралы ақпаратты талдап жатыр.

2025 жылғы 16 маусымда Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу агенттігінің ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін төмендетутуралы бірлескен қаулысы күшіне енеді.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.