Рудный студенттері уланған асхана қызметкерлері стафилококк жұқтырған
297
Санитария дәрігерлері Рудныйдағы колледж студенттері неге уланып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Санитария дәрігерлері Рудный тау-кен технология колледжінің асханасында алынған сынама нәтижелерін айтты. Улануға себеп стафилококк болған.
Тексеріс барысында санитария ережелері сақталмағаны анықталды: тамақ өнімдерін сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз пайдалану, тағамды сақтау шарттары мен дайындау технологиясының бұзылуы. Мамандар профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді.
Санитария дәрігерлері Рудный тау-кен технология колледжінің асханасында алынған сынама нәтижелерін айтты. Улануға себеп стафилококк болған.
"Зерттеу нәтижелері бойынша асхананың 3 қызметкерінен патогенді стафилококк анықталды. Дайын өнімнің барлық сынамасы микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Ауруханаға жатқызылған студенттердің талдауларынан да патогенді стафилококк анықталды. Инфекцияны тасымалдаушы асхана қызметкерлері болуы мүмкін", - деді Қостанай облысының Cанитария-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.
Тексеріс барысында санитария ережелері сақталмағаны анықталды: тамақ өнімдерін сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз пайдалану, тағамды сақтау шарттары мен дайындау технологиясының бұзылуы. Мамандар профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді.
Ауруханаға жатқызылған 14 студент ауруханадан шығарылды. Еске салайық, Рудныйдағы колледж студенттері түскі астан кейін асханада өздерін жайсыз сезінген еді. Жергілікті асханада түскі ас ішкен 70-тен аса студент жүрегі айнып, құсқысы келгеніне шағымданып қаланың медицина мекемелеріне жүгінген болатын.