Павлодар облысындағы ауылда бір ғана оқушы мектеп бітірді

64

Павлодар облысының Төртқұдық ауылында бір ғана түлекке арнап соңғы қоңырау соғылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.




Бүгін Төребаевтар әулетінде көңіл толқытар сәт. Әулеттің кенжесі Данияз мектеппен қоштасты.


Төртқұдық ауылында биылғы оқу жылын жалғыз түлек тәмамдайды.


"Сыныпта жалғыз оқушы болу, әрине қиын. Үй тапсырмасын орындап келу міндетті. Себепсіз сабақты да босатпайсың. Тіпті, сабақтан қашып кету де мүмкін емес", - дейді түлек.


Әрі оның сынып жетекшісі өзінің туған ағасы. Түлек мамандық таңдауда көп ойланған. Ақырында ол да аға-әпкесінің жолын қуып, ұстаздық жолды таңдапты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.