Бала зорлады деген күдікпен жат ағымның өкілі ұсталды

217
Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.



«15 тамыз күні ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде Теміртау қаласының 51 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен республикалық іздеуде жүрген «Таблиги Джамаат» діни-экстремистік ұйымын ұстанушы», – делінген хабарламада.


Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін азамат Қарағанды облысының уәкілетті органдарына беріледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.