Ербол Қарашөкеев: Резервтен бөлінген қаржы арнайы мал азығының бағасын арзандатуға ғана арналған

230
 
Қызылорда облысына Үкімет резерві тарапынан 1,7 млрд. теңге, Маңғыстау облысына 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жергілікті бюджетке жетті, бүгінде әкімшілік оны үлестіре бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
«Жеке қосалқы қожалықтарға және шаруа қожалықтарына берілетін бұл ақша мал азығын арзандатуға арналған. Оны жергілікті әкімшіліктер жеке қосалқы шаруашылықтардың, шаруа қожалықтарының тізімдерін нақтылап таратады. Бұл қаржы сатып алған мал азығын, жемшөпті арзандатуға ақшалай түрде алынатын болады. Қаражат тамыз айының соңына дейін игерілмек. Резервтен бөлінген қаржы арнайы мал азығының бағасын арзандатуға ғана арналған. Басқа ешқандай мақсатта жұмсалмайды», – деді Ербол Қарашөкеев.
Сонымен қатар, қыркүйек айынан кейін шөптің болмау қаупіне байланысты жемшөп резервін құру үшін 5,3 млрд. теңге қарастырылған. Маңғыстау облысының әкімшілігі 25 мың тонна шөп, 35 мың тонна жем сатып алуды жоспарлап отыр.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.