Ірі есірткі зертханасы жойылды
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласындағы аудандардың бірінде жұмыс істеген есірткі зертханасын тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, саяжай аумағында ақ түсті ұнтақ тәріздес зат толтырылған 6 ағаш бөшке табылды. Бұл зат есірткі жасауға арналған прекурсор екені белгілі болды. 39 жастағы көлік жүргізушісі табылған затты жеке үйге тасымалдамақ болған кезде ұсталды.
Үйге тінту жүргізу барысында 1 тоннадан астам прекурсор және 10 келіден астам дайын есірткі — альфа-PVP тәркіленді. Сонымен қатар прекурсорлары бар 6 ағаш бөшке, сұйықтығы бар 35 шыны паллет, белгісіз сұйықтық құйылған 33 канистр, ұнтақ тәріздес зат салынған 4 қап, жалпы салмағы шамамен 3 келі болатын альфа-PVP дайын есірткісі салынған 3 вакуумды пакет табылды.