Техникалық мамандарға арналған ипотекалық бағдарламаның бастапқы жарнасы төмендейді
Биыл 17 наурызда іске қосылатын «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасының талаптары қайта қаралып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Елімізде тапшы техникалық маман иелерін баспанамен барынша қамту үшін бастапқы жарна мен кредит беру мерзімі өзгермек. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс істері және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа бағдарламаның шарттары қолданыстағы «Наурыз» бағдарламасымен сәйкес келеді.
Қаз
Рус






