Бір топ жігіт досын гейлер тобына қосылғаны үшін ыстық үтікпен азаптаған

1 617

Pixabay.comТөрт жігіт досын "Гей Шымкент" тобына қосылғаны үшін ыстық үтікпен азаптаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Олар досының аталған топтың мүшесі екенін білгеннен кейін, оған аяусыз әрекеттер жасаған.


"Шымкентте бір топ жігіт досының "Гей Шымкент" тобының мүшесі екенін біліп, оны шақырып, аяусыз азаптаған. Олар пәтер жалдап, "досын" сол жерге шақырып, иығына ыстық үтікті басқан. Сондай-ақ қолын, аяғын орындықпен және басқа да заттармен ұрып-соғып, азаптаған.  Қорқытып, “педофилия жасадым” деген сөзді айтқызып, видеоға түсіріп, 500 мың теңге бопсалаған", – делінген хабарламада.


Жәбірленуші қажетті соманы төлеуге уәде берген. Босап шыққан соң полицияға хабарлаған.


"Нәтижесінде сот айыпталушының бұрынғы соттылығын ескере отырып, ең белсенді екі қатысушыны төрт жарым және үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Қалған екі сыбайлас үш жыл мерзімге пробациялық бақылауға алынды", – делінген хабарламада.