Тұрғын үй ауласынан ауыр халдегі ер адам табылды

1 504

Фото:©aktau.today12Желіде тұрғын үйдің жанында жерде жатқан егде жастағы ер адамның бейнесі тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агентігі aktau.today12 сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ақтаудағы 11-шағынауданда болғаны анықталды. Денесінде пышақ жарақаттары болған.  19 мамыр күні кешке 11-шағынаудандағы №8 үйдің жанынан куәгерлер қансырап жатқан ер адамды тапқан. Қасында пышақ жатқан.

Қолдары мен мойнында кесілген жарақаттар болған. Алғашында тұрғындар біреу пышақтап кеткен болар деп ойлаған. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырған. Ер адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, ота бөліміне жатқызылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жағдайы жақсы отбасында тұрған. Ер адам саңырау әрі мылқау екені белгілі болды. Оның есту аппараты сынып қалғаннан кейін, ол жағдайды ауыр қабылдаған. Оқиға алдында ер адам туыстарымен қоштасып, үйден пышақ алып шыққан.Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады полиция.