Жамбыл облысында қаза болған өрт сөндіру бөлімі бастығының артында төрт баласы қалды

534
Жамбыл облысында әскери нысандағы жарылыстар салдарынан қаза болған өрт сөндіру бөлімі басшысының артында төрт баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Aibat мәліметінше, Еркін Нәдірбеков 42 жаста болған. Ер адамның төрт баласы бар. Ең кішкентайы әлі бір жасқа толмаған.

Жақындарының айтуынша, әскери бөлімде жарылыс болған кезде Еркін Нәдірбеков өрт сөндіру командасын бастап, бірден оқиға орнына барған.


"Ол өрт сөндіру тобын басқарды. Бұл оның тікелей міндеті болды. Мешінбай өрт сөндіруші-жүргізуші болған. Олардың басқа амалы болмады. Егер олар оны жоймаса, онда қалған қоймаларда (оқ-дәрілермен) өрт шығуы мүмкін еді. Онда жағдай бұдан да қиын болар еді. Мұны тіпті елестету мүмкін емес", - деп бөлісті марқұм Еркін Нәдірбековтің әпкесі.

Жарылыстар тоқтағаннан кейін туыстары Еркінді іздей бастаған. Бүгін таңертең Нәдірбековтің отбасына ол қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болғаны туралы хабар келді.


Туыстары Еркінге батыр атағы беріледі деп үміттенеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.