Қызылордалық полицейдің жиіркенішті әрекетінің видеосы тарады

3 268
Қызылордалық әдепсіз полицей жұрт наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы ақпаратты әлеуметтік желі қолданушысы Ақниет Ізбасар өзінің
Facebook парақшасында жариялаған болатын. Жедел басқару орталығынан түскен хабарлама бойынша келген Жол полиция қызметкерлері бейнеқоңырау арқылы ақпарат беруі желі қолданушылар арасында қызу талқылауға түсті.

Ал, Жедел Басқару Орталығы заңнамаға сәйкес арнайы картасыз немесе қадағалаусыз кіру мүмкін емес , яғни жабық нысан екендігін ескерген абзал.


Соңғы кезде автокөліктерді себепсіз тоқтату мен бей берекет тоқтатып, тіпті хаттамаға келісуге үгіттеп  толтыру көбейіп кетті. Жүргізушінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру деген жазылған жерінде қалып, бірде бір қызметкердің орындағанын көрмедім. Бұл жыл аяғындағы кезекті халықты тонау ма?,- деп жазған Ақниет Ізбасар.

Ал, шенді қызметкерлердің өзін еркін ұстап, бей-берекетсіз ерсіз әрекеттерін әдетке айналдырғандай-ақ.

Қоғамдық орында темекі шегіп, жерге түкіргендерді арнайы бақылау камерасы арқылы айыппұл арқалағандар саны қанша ма?! Ал, арнайы киім киген жол сақшылары тәртіп бұзғанына жол болсын.


 
 
Мына көріністегі қызылордалық жол сақшысы өзінің ерсіз әрекетімен кейін ғаламторға шығып, әлемге паш етілетінін білмесе керек. Бұл оқиға Ішкі істер департаменті басшыларының құлағына да жетіп, олар полиция атына кір келтірген сақшыға қатысты шұғыл түрде шара қолданатындығын да хабарлаған болатын.


Аталған бейнежазба бойынша назарға алынып, қатаң түрде тексеру жұмыстары жүргізілуде. Басқарма бастығының бақылауына алынды. Бүгінде бейнежазба зерделеніп, Жедел басқару орталығының бейнебақылаушысы кезекшілікке түскенде ұялы телефонын қолдану тек бір қызметкерге Департамент басшылығымен рұқсат беріліп, хабарлама бойынша берілген құқық бұзушылықтың бейнежазбасын ұсыну үшін көрсетіледі. Сонымен қатар, ортақ пайдаланатын орынды ластау әрекетіне жол бергені үшін полиция қызметкеріне әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығын хабарлаймыз,- деп жауап қалдырған Қызылорда Қалалық Полиция Басқармасының жауапты маманы.


Жол сақшыларының дөрекілігі ел азаматтарын да алаңдатып отыр. Олар өресі тар, өзімшіл жандар жолда тұрмау тиіс деп есептейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты


Білімді, білікті адамдармен сөйлесе алатын азаматтарды тартуымыз керек. Ал енді жаңағыдай дөрекелік көрсететін, мінез көрсететін жол полицейлеріне жауапкершілікті нақты белгілеп, жауапкершілікке таруымыз керек,- дейді Нұртай Сабильянов.


Ал, желі қолданушысы
Сардар Әбдіжақия әдепсіздік танытқан полицейді қызметтен босатуын талап етуде.