Бишімбаев тергеу изоляторында өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанын айтты

1 588

Фото: Жоғарғы СотӘйелін қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев изоляторда өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Салтанаттың өлімі туралы фактінің анықталғаны көңілімді қатты түсіріп, күйзеліске түстім”, – деді Бишімбаев прокурордың сауалына жауап беріп тұрып.


Прокурор Бишімбаевтың Нүкенова мейрамхананың VIP бөлмесінде жатқан кезінде бейнебақылау камерасындағы жазбаларды жою, оның телефонын алып жүру сондай-ақ "Bau" мейрамханасының аумағында әйелдермен кездесу туралы тапсырма бергенін атап өтеді.


Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы тергеу изоляторында Бишімбаевты жеке бақылағанын және сол бес айдың ішінде экс-министрдің өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне бармағанына назар аударады.


“Құрметті сот, құрметті алқабилер, Бишімбаев қамауға алынған сәттен бастап бес ай бойы мен өз басым процессуалдық прокурор ретінде тергеу изоляторындағы камераға орнатылған бейнебақылау камерасын бақыладым. Сол бес айдың ішінде сіз ешқашан өзіңізге зиян тигізуге тырысқан емессіз”, – деді прокурор.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.