Ер адам түзеу мекемесіне камерасы бар көзілдірік алып кірмек болған

1 513

Фото: ©Ұлттық ҰланТараздағы түзеу мекемесіне жасырын камерасы бар көзілдірік кіргізбек болған ер адам ұсталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kaz.caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

19-шы маусым күні сағат шамамен 13:10-да алдын ала алынған жедел ақпаратқа іске асыру барысында №59 мекемесі қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бірлесіп, қысқа мерзімді кездесу үшін келген азаматтың жеке заттарын тексеру іс-шараларын жүргізген.

«Тексеру барысында келушінің жеке заттарының арасынан мекеме аумағына алып кіруге тыйым салынған техникалық құрылғы анықталды»,- деп жазылған хабарламада.

Аталған зат кәдімгі қара көзілдірік болып көрінгенімен, іс жүзінде жасырын аудио және бейнежазба жасау құралдарымен жабдықталған құрылғы болып шыққан. Тексеру іс-шаралары басталар алдында азаматқа заңда белгіленген тәртіппен тыйым салынған заттар мен техникалық құралдарды өз еркімен тапсыру талабы түсіндірілген болатын, алайда бұл талаптарды орындамаған. Осы факті бойынша материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылған. Ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілген. Жиналған материалдар құқықтық баға беру үшін сотқа жолдаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.