Батыстағы митинг: газ құю стансаларының иелері чатта бағаны түсірмейміз деп келіскен

401
Маңғыстау облысында газ құю стансаларының қожайындары желтоқсан айында өзара келісіп, газ бағасын екі есе өсіріп жібергені анықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Маңғыстау облысы департаментінің басшысы Бауыржан Есенов мәлімдеді.

Ол монополияға қарсы департамент сұйытылған мұнай газ нарығындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер (картель) бойынша нақты жұмыс атқарғанын айтты. Атап айтқанда, сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 19 нарық субъектісіне тергеу жүргізілген.

"Аталған газ желісі ұйымдары мен автогаз құю станциялары 2021 жылғы желтоқсан айының соңында бір мезетте газ бағасын көтеріп жіберген. Тіпті, жедел мәліметтерге сүйенсек, автогаз құю стансаларының иелері өздерінің ватсап чаттарын ашып, "бағаны 115-120 теңгеден төмен сатпаймыз" деп келіскен", - деді Есенов агенттіктің алқа отырысында.

Нәтижесінде, оның айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 159 бабы 1-тармағы бойынша 17 нарық субъектісіне қатысты барлығы 19,5 миллион теңге монополиялық кірісі тәркілене отырып, 1 миллион теңгеден асатын айыппұлды көздейтін хаттамалар толтырылды.

Істер қарау үшін сотқа жолданды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.