Аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды
Астанада аялдама маңынан 66 жастағы ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде А108 көшесіндегі аялдама маңында адамның мұзға тайып құлап, мерт болғыны туралы ақпарат тарады. Желі қолданушылары оның басынан қатты жарақат алып, оқиға орнында көз жұмғаны туралы жазды.
Қала әкімдігі желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, оны мұзға тайып құлап, мерт болғанын жоққа шығарды.
Полиция ер адамның жеке басын анықтады.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.







