Ақсуат неге ақсап тұр?!
1 721
Қылышын сүйретіп қыс келсе болды «Махамбетов» тұрғындары ашуға булығып, әкімдіктен көмек сұрайды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
«Жыртығына жамау сұрағандай» күн кешкен Ақсуат ауылдық округі Жақыпбек Махамбетов ауылының тұрғындары әкімдіктен осы уақытқа дейін көмек сұрап, болмаған соң күдерлерін үзіп отыр. Берілген уәденің орынсыз қалғандығынан мезі болған тұрғындардың әкімге қойылған талаптары да орынды. Олай дейтініміз, тұрмыс-тіршілікке қажетті жарық, көгілдір отын, ауызсу, жол мәселелері бойынша табан тоздырған тұрғындардың арызын қолға алар билік болмай тұр. Жаңбыр жауса, балшықты белшеден басқан көліктердің жыры бір бөлек, ал оқушылардың үсті-басы былғанып, жүруге мұрша бермей жататыны тағы бар. Үкіметтен көмек келмей электр бағандарын өздері қосып отырған ауыл тұрғындарының бүгінгі жәй-күйі апаттық жағдайдың алдында тұр. Болар болмас сығырайған жарық, құдды бір 19 ғасырдағы «майшамдарды» еске салатындай. Расымен де, өскен, өнген 200 жылдан астам өзіндік тарихы бар қаламыздың сыйқы осы ма?!
Сырт келбеті көз тартып, халықтың ішкі үнінен адам шошырлық халде отырған жандарға демеу болар ауыл әкімімен де жолығудың сәті түсті. Осы орайда, ауыл әкімі Ақмырзаев Мәмбетәлі Сейтжаппарұлы жағдайды біле тұра: « Жол жөндеу жұмыстары 2021-2023 жылдар аралығында қамтылады. Ал ауызсу мәселесі бойынша тұрғындар толығымен қамтамасыз етіліп отыр. Көгілдір отын, яғни табиғи газдың келуіне арнайы ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды. Жуырда газ құбырларын орнату жұмыстары жүре бастайды. Ауылды толық жарықтандыру үшін 184 миллионнан астам қаржы бөлінген, жұмыс жасалып жатыр. Осы мәселе бойынша алдағы жылдарда жұмыстардың жүруіне байланысты тағы да мемлекеттен қаржы сұрастырамыз. Ал, тұрғындар өздері бағандар орнатқанынан хабарым бар. Тас төселген 7-ші көше бойынша 1 жылдық кепілі бар, қайта жөндеп береді, мердігер мекемені шақыртамыз», - деді ауыл әкімі.
Ауыл тұрғындарына жарық беріп тұрған электр бағандары жел тұрса «жатаған» келетінін қайтесіз? 10 жылдан астам мекен еткен тұрғындардың ашуы да орынды. Өздері орнатқан бағандардың сапасы сын көтермейді. Созса қолы жетерлік тоқ сымдарының салбырап, адам өміріне қауіп төндіріп тұрғаны да шындық. Десек те, келіп тұрған кернеудің қуаттылығы 220Вт емес, 176Вт көрсетіп тұр. Қара халықтың қамын жеген әкім қайда, уәде қайда? 10 жылдан бері өзгеріс көрмеген ауыл қаладан небәрі 13 км жерде орналасқандығын ескерсек, жарыққа жарымауы не масқара? Ақсуаттың орталықтары үлгіге сай электр бағандары мен жарық шамдары орналастырылғандығына көзіміз түсті. «Сырты сылаң, іші ылаң» болған көшелер көрер көзге мен мұндалап тұр. Бұл жәйттерді көрмес, естімес үшін көзсоқыр болудың да қажеті шамалы. «Жарыққа толыққанды ақысын төлеп тұрып, сығырайған мардымсыз светті тұтынып отырғандығымыз қынжылтады. Электр мамандары апат жағдайында столбыларға мінуге қорқады. «Мінгені несі өлетін жәйіміз жоқ», - деп кетіп қалады. Содан не керек өзіміз жалғаймыз, ал ауыл әкіміне бәрібір. Бастысы өздерінде ондай мәселе жоқ»,-деді ауыл тұрғыны Дәмелі Бабаөмірқызы.
Көпшіліктің көңілінен шықпаған жарықтың жырына кім жауапты? Әкім есепті қатырғанымен жөндеп беремін деп уәде етпеді. Яғни, ол дегеніміз айтылған әңгіме айтылған жерінде қалайын деп отыр деген сөз. Көкейдегі көксегені жарықтың жөнге келуі мен ойдым-ойдым болған жерлерді бақылауға алып, жөндеп берілсе деген ниет. Айтылған ой да орынды, өйткені ауыл тұрғындары тұтынып отырған жарыққа төлем жасағаннан кейін жөнді жарық болсын, балаларымыздың көзі құрыды деп қынжылады. Билік басындағылар тиісті шара қолданып, тұрғындардың шағымын тиісті мамандар жөнге келтіреді деп сенейік.
редактор,
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ