Ауруханалар науқас балаларды тегін оңалтудан өткізбей қойған

1 567

noi.md/ruҚостанай прокуратурасы медицина мекемелерінің қызметін тексеру барысында балалардың құқығы бұзылғанын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі inform.kz-ке сілтеме жасап.


Мамандандырылған медицина орталықтарына ай сайын түрлі ауруы бар балаларды оңалту үшін квота бөлінеді.


Балалар мұнда тегін оңалтудан өте алады, алайда бөлінетін квота кандидаттардың жоқтығы немесе сапардан бас тарту себебінен толық көлемде жұмсалмаған. 


Прокурорлар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері арасында сауалнама жүргізді. Сол кезде олар мұндай оңалту мүмкіндігінен хабарсыз болып шықты. 


Мысалы, Қостанай қаласында кәмелетке толмаған пациентке «Дружба» балалар облыстық орталығында оңалтудан өту ұсынылды. Оған тегін баруға болатынын білмеген баланың ата-анасы өз қаражаты есебінен оңалтудан өткен. 


Облыс бойынша осыған ұқсас 166 факт анықталды.


Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актілері бойынша жергілікті атқарушы органдар балаларды оңалтуға және санаторий-курорттық емдеуге жіберу үшін шара қабылдап жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.