Шымкенттік бүлдіршін үй бассейніне батып кетті

294
Шымкентте 1 жасар бүлдіршін үй бассейніне батып кетті, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 14 шілде күні кешке болған.

«Қызылжар» шағынауданындағы жеке тұрғын үйдің ауласында сағат 22:00-де 2021 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кеткен. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ТЖД хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалған.

ТЖД мынадай сақтық шараларын қатаң ұстануды ұсынады:

- құтқарушылары бар ресми жағажайлар мен бассейндерде және олардың жұмыс уақыты кезінде ғана шомылыңыздар;
- балалардың ересектердің қарауынсыз бір минут болса да су жанында болуына жол бермеңіз;
- нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалар анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты суға жылдам батып кетеді. Олардың басы денесімен салыстырғанда ауырлау болады, сондықтан олар бассейнге, теңізге, ваннаға және т.б. тез батып кетуі мүмкін;
- құтқару шеңберлері, үрлемелі камералар қауіпсіз емес, ондай құрылғылар балаңызды суға бату қаупінен толық қорғамайтынын ескеріңіз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.