Еліміздегі оң рульді көліктер де жеңілдетілген тәртіппен рәсімделмек

220
Қазақстанда оң рульді көліктер де жеңілдетілген тәртіппен рәсімделеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты.

Айта кетсек, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда 1 қыркүйекке дейін елімізге кірген шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге тапсырма берген еді. Оларды рәсімдеу құны 200-250 мың теңгеден аспауы шарт.

Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы біржолғы көлікті заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл заң жобасында біз таяуда ғана ұсыныс енгіздік. Оң рульді көліктер осы біржолғы заңдастыруға енгізіледі.
Бүгінде Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар. Бұл ұсыныс енгізіліп, комитетте қолдау тапты. Бұл мәселе шешілді, - деді Қайсар Сұлтанбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.