Қажетсіз қалдықтан табыс тапқан кәсіпкер

1 522

Статистикаға зер салсақ, Қазақстанда 31,72 млрд тоннадан астам қалдық шығарылады. Одан 120 млн тоннаға жуық қатты тұрмыстық және 2,5 млрд тонна қауіпті қалдық жиналады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.


Бұл сандар қоқысты кәдеге жаратудың қажеттілігі тұрғанынан хабар береді. Әлбетте, қоқыспен күрес – жалғыз бізді ғана емес, дүниежүзі елдерін толғандырып отырған жаһандық мәселе. Химиялық қалдықтар өңір келбетін бұзып қана қоймайды, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Жердегі қоқыстар мен қалдықтар ыдыраған кезде пайда болатын заттар атмосфералық ауаны ластайды. Айталық, табиғи жағдайда қарапайым қағаз 2 жылда ыдырайды. Химиялық жолмен өндірілген өзге де тұрмыстық қатты қалдықтар ше? Мәселен, ғалымдар металл консерві банкалары табиғи процеспен жойылуға 90 жыл кететінін, ал, шыны банкаларға – 1000 жыл қажет екенін алға тартады. Сол секілді қаңылтырға – 90 жыл, әйнекке – 1000 жыл уақыт керек.


Мұнымен айтпағымыз жоғарыда көрсеткен үйден шыққан қалдықтарды қайта кәдеге жаратуға біздің елде жаңадан мүмкіндік туа бастады. Қызылордада шыны зауыты ашылса, біздің ауданның өзінде екі бірдей қажетсіз қалдықтарды қабылдайтын кәсіпорын бар. Соның бірі кент тұрғыны Насырулла Мырзаев есімді кәсіп иесі. Ол кісі қажетсіз қалдықтарды жинап, Шымкент қаласындағы қайта өңдеу зауытына өткізуді жолға қойыпты.



"Тіршілік барда қоқыс ешуақытта таусылмайды. Бірнеше жылдан қажетсіз қалдықтарды жинап, Шымкент қаласындағы зауытқа өткізуді қолға алдым. Отбасыммен және 2-3 жұмысшы алып, макулатура, бөтелке, шыны, баклашка, салафан пакеттерді жинап, сұрыптаймыз. Тұрмыстық қатты заттарды теріп, сұрыптап, арнайы зауытқа өткізіп, табыс тауып жүрген жайымыз бар. Бір ай бойы жиналған қоқысты сұрыптап, ретке келтіреміз. Былтырғы жылға қарағанда биыл жұмыс жақсы жүруде. Өткен жылы 2-3 айда бір өткізетінмін. Биыл ай сайын 10-15 тоннадан кем өткізіп жатқанымыз жоқ. Тұрғындар да, тазалық мекемелері де үйренді. Күнделікті жиналған қоқыстарды өткізіп тұрады. Тіпті, Байкенже, Сунақ ата, Шалқия, Бірлік сынды ауыл тұрғындары да бізге үйренді. Жинап қойған заттарын айына бір рет барып жинап кетеміз. Қалған ауылдарға меніңше ақпарат жетіспей жатқан секілді", – дейді кәсіп иесі.


Бір өкініштісі, кәсіпкерге мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көрсетілмейді. Егер сәл субсидия немесе бір демеу болса онда жұмыс еселеніп, әжептеуір нәпақа табар едік дейді. Бір жағынан, тұрғындар да толық үйренер.


"Мен үнемі өз ұсынысымды айтып жүрмін. Оны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Бізге полигон керек емес. Ол жерге тасталған қоқыстар желмен ұшып, қайта жер бетіне көтеріліп, аймаққа үлкен экологиялық зардабын тигізеді. Одан да бізге қолдау көрсетсе, біраз мәселенің шешімі табылар еді. Меніңше, жаһан жұртының алдында екі мәселе тұр. Біріншісі, ауызсу, екіншісі, тазалық мәселесі. Сондықтан, бүгіннен тазалыққа мән берген жөн", – дейді ол.


Осы тұста әлем елдерінде тазалыққа қаншалықты мән беретінін зерделеп көрген едік. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, дамыған елдерде жерде жатқан қоқыстар әжептәуір табыс көзі саналады. Әсіресе, қағаз өнімдері, әйнек сынықтары, бөтелкелер, полимерлер, пластик өнімдері, ағаш және темір заттары кәдеге жарамды әрі сұраныста екен. Мәселен, Финляндия қалдық заттарды өңдеу бойынша әлемде көш бастап тұр. Онда «қалдықтар иерархиясы» деген принцип бар. Бұл – қалдықтарды болдырмау деген сөз. Қытайда қоқыс сұрыптау, қайта өңдеу үлкен бизнес көзінеайналған. Пекинде қоқысты түрлі әдіспен сұрыптайды. Бір ғана Шанхай қаласының өзінде мыңдаған қоқыс қабылдау орындарында 2,5 миллионнан астам жұмысшы еңбек етеді. Францияда қоқысты қайта өңдеу арқылы 30 пайыз аллюминий, 50 пайыз әйнек, 50 пайыз газет қағазын өндіреді екен.


Қаламгер Қайнар Олжайдың жазуынша, ағылшындар да поллиэтилен мен пластиктен жасалған тұрмыстық қатты заттарды шектеудің жолын тапқан. Олардың кейбір супермаркеттері мен дүкендер желісінде «Бізге өз дорбаларыңызбен келіңіздер!» деген әлеуметтік жарнамалар ілінген екен. Кейбір елдер қатты қалдықтарды жинап, қолданысқа енгізу үшін зауыттарды іске қоса бастады. Мәселен, Өзбекстанда пластик құтыларды өңдеу ісі жолға қойылған. Олар көбіне қайта балқытып, көкөніс пен жеміс салатын жәшіктер шығарады. Себебі, ағаш пен темір жәшіктерден пластиктен жасалған жәшіктер қолдануға ыңғайлы. Осы себепті, сұранысы да жоғары. Сол секілді Қытай темірден түйін түйсе, филиппиндіктер полиэтиленген пакеттер мен ыдыс құтылардан қайық жасап, туристерге ақылы қызмет көрсетіп, нәпақасын тауып отыр. Ал, Мексика пластиктік тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып, үйлер тұрғыза бастапты. Міне, әлем елдері зиянды заттарды қажеттілікке икемдеп, тазалыққа мән беріп жатыр. Тағы бірі қайта өңдеп, қолданысқа енгізуде. Мұның бәрі түптеп келгенде қоршаған ортадағы тепетеңдік заңдылығын сақтап, әлемді экологиялық апаттан қорғап, адам денсаулығына оң әсерін тигізері анық.


Міне, өзге елдерге қарап көз сүйсінеді. Ал, бізде керісінше қоқыс жәшігі қойылса, ізбе-із сындырып немесе өз аулаларына қойып алатындар да кездеседі. О тоба десеңізші, қоқыс жәшігі түгілі балаларға арналған ойын тербелгішін өз үйіне кіргізіп алғандарын көргенде жағамызды ұстадық. Содан болар, тазаланған аймақ қайта қоқысқа толып, еңбекті еш ететіні. Бала кезімізде ұлдар жағы темір-терсек, шыны ыдыстарын жинап, оны өткізіп, тиын тауып жүретіні есімде. Жарамсыз техника қалдықтары, тіпті кейде қоқыс ішінен мыс, аллюминий қалдығын көрсе теріп, сатуға өткізіп, әжептеуір пұлдайтын. Уақыт өте келе бұл дағды ұмыт бола бастады. Қазір мектеп оқушылары темір өткізбек түгілі оны ұстауға да құлқы жоқ. Бәрі дайын, ата-анада олар оқысын деген тілек қана. Ол да дұрыс шығар. Десек те қажетсіз қағаз, шыны ыдыс мен темір қалдығынан теңге таба аласыз.


Осы тұста әлем елдерінде тазалыққа қаншалықты мән беретінін зерделеп көрген едік. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, дамыған елдерде жерде жатқан қоқыстар әжептәуір табыс көзі саналады. Әсіресе, қағаз өнімдері, әйнек сынықтары, бөтелкелер, полимерлер, пластик өнімдері, ағаш және темір заттары кәдеге жарамды әрі сұраныста екен. Мәселен, Финляндия қалдық заттарды өңдеу бойынша әлемде көш бастап тұр. Онда «қалдықтар иерархиясы» деген принцип бар. Бұл – қалдықтарды болдырмау деген сөз. Қытайда қоқыс сұрыптау, қайта өңдеу үлкен бизнес көзінеайналған. Пекинде қоқысты түрлі әдіспен сұрыптайды. Бір ғана Шанхай қаласының өзінде мыңдаған қоқыс қабылдау орындарында 2,5 миллионнан астам жұмысшы еңбек етеді. Францияда қоқысты қайта өңдеу арқылы 30 пайыз аллюминий, 50 пайыз әйнек, 50 пайыз газет қағазын өндіреді екен.


Қаламгер Қайнар Олжайдың жазуынша, ағылшындар да поллиэтилен мен пластиктен жасалған тұрмыстық қатты заттарды шектеудің жолын тапқан. Олардың кейбір супермаркеттері мен дүкендер желісінде «Бізге өз дорбаларыңызбен келіңіздер!» деген әлеуметтік жарнамалар ілінген екен. Кейбір елдер қатты қалдықтарды жинап, қолданысқа енгізу үшін зауыттарды іске қоса бастады. Мәселен, Өзбекстанда пластик құтыларды өңдеу ісі жолға қойылған. Олар көбіне қайта балқытып, көкөніс пен жеміс салатын жәшіктер шығарады. Себебі, ағаш пен темір жәшіктерден пластиктен жасалған жәшіктер қолдануға ыңғайлы. Осы себепті, сұранысы да жоғары. Сол секілді Қытай темірден түйін түйсе, филиппиндіктер полиэтиленген пакеттер мен ыдыс құтылардан қайық жасап, туристерге ақылы қызмет көрсетіп, нәпақасын тауып отыр. Ал, Мексика пластиктік тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып, үйлер тұрғыза бастапты. Міне, әлем елдері зиянды заттарды қажеттілікке икемдеп, тазалыққа мән беріп жатыр. Тағы бірі қайта өңдеп, қолданысқа енгізуде. Мұның бәрі түптеп келгенде қоршаған ортадағы тепетеңдік заңдылығын сақтап, әлемді экологиялық апаттан қорғап, адам денсаулығына оң әсерін тигізері анық.


Өзге елдерге қарап көз сүйсінеді. Ал, бізде керісінше қоқыс жәшігі қойылса, ізбе-із сындырып немесе өз аулаларына қойып алатындар да кездеседі. О тоба десеңізші, қоқыс жәшігі түгілі балаларға арналған ойын тербелгішін өз үйіне кіргізіп алғандарын көргенде жағамызды ұстадық. Содан болар, тазаланған аймақ қайта қоқысқа толып, еңбекті еш ететіні.


Тазалық табалдырықтан басталады десек, кент және елді мекендердегі көше мен арнайы демалыс орындарында әр жерде шашылған сусын құтысы, полиэтиллен пакеттерге көз сүрініп, көңілің құлазиды. Экологиялық мәдениеттің төмендігінен бе, тұрмыстық қалдық заттарды лақтырып, жайбарақат жүре береміз. Ал, осы қоқыстан пайда табуға болады десек сенесіздер ме? 


Шыны керек, көпшілігіміз бұл міндетті тазалық мекемесі мен жауапты қызметкерлерге ысырып тастауға құмармыз. Бірақ, бұл қисынға келмейді. Әрине олардың бұл міндеті шығар, бірақ әрбір тұрғын туған өлкеге жанашырлық танытып, тазалық жұмысына ортақ¬тасатын кезі келді. Біздің елімізде қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу ісі өрге баспай келеді. Сенесіздер ме, елімізде қалдықтың тек 7 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Ал қалған бөлігі полигондарға жөнелтіледі. Міне, осыдан-ақ қоқыс өңдеу саласында шешімін таппаған мәселе көп екенін ұғасыз.


Әлбетте, қоқыспен күрес – жалғыз бізді ғана емес, дүниежүзі елдерін толғандырып отырған жаһандық мәселе. Химиялық қалдықтар өңір келбетін бұзып қана қоймайды, ол қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні сөзсіз. Жердегі қоқыстар мен қалдықтар ыдыраған кезде пайда болатын заттар атмосфералық ауаны ластайды.


Айталық, табиғи жағдайда қарапайым қағаз 2 жылда ыдырайды. Химиялық жолмен өндірілген өзге де тұрмыстық қатты қалдықтар ше? Мәселен, ғалымдар металл консерві банкалары табиғи процеспен жойылуға 90 жыл кететінін, ал, полиэтилен пакеттеріне –200 жыл, шыны банкаларға – 1000 жыл қажет екенін алға тартады. Сол секілді пенопласт ыдыстарға – 50 жыл, қаңылтырға – 90 жыл, фольгаға – 100 жыл, памперске – 500 жыл, әйнекке – 1000 жыл уақыт керек.


Бірде білікті дәрігер Сәулебек Ысқақов: «Памперстің бойына жиналған зәрден улы заттар бөлінеді. Осылайша памперстен қоршаған ортаға зиян келуде. Оларды жинап, арнайы өртейтін орында өртеу қажет. Себебі, памперс тек жоғары температурада өртенеді», дегені әлі есімде.


Иә бір реттік жаялықтың зияны тым көп. Себебі, оны дайындағанда целлюлоза, трибутилен, полипропилен, натрий полиакрилаты, кремний оксиді секілді химиялық заттар және полиэтилен, резеңке және хош иістендіргіштер де қосылады. Күннің ашық көзі түсуінің нәтижесінде химиялық реакциялар жүріп, ауаны ластайды.


Тоғайға, тауға, өзенге, көлге барсаңыз шашылып жатқан полиэтилен пакеттер, шыны ыдыстар мен памперстерді көресіз. Табиғи процеспен жойылуға жүздеген жылдар кететін тұрмыстық қалдықтар ен даланы экологиялық дағдарысқа ұшыратуда. Алайда бізді экологиялық мәселе алаңдатпайды. Ең өкініштісі осы.


Даланы шашылған қоқыстан арылтудың бірден-бір жолы – қайта өңдеуді жолға қою. Бізде оның ауылы алыстау секілді. Мәселен, Әлем елдерінің тәжірибесіне таңқаласыз. Мәселен, Финляндия қалдық заттарды өңдеу бойынша әлемде көш бастап тұр. Онда «қалдықтар иерархиясы» деген принцип бар. Бұл – қалдықтарды болдырмау деген сөз. Қытайда қоқыс сұрыптау, қайта өңдеу үлкен бизнес саласына айналған. Пекинде қоқысты түрлі әдіспен сұрыптайды. Бір ғана Шанхай қаласының өзінде мыңдаған қоқыс қабылдау орындарында 2,5 миллионнан астам жұмысшы еңбек етеді. Францияда қоқысты қайта өңдеу арқылы 30 пайыз аллюминий, 50 пайыз әйнек, 50 пайыз газет қағазын өндіреді екен.


Тазалықты сақтауда шетел тәжірибесі қандай? Сингапурде көшенi ластау қылмыс саналады. Егер абайсызда түкiрсеңіз немесе тамақ қалдығын лақтырып жiберсеңiз үлкен мөлшерде айыппұл төлейсiз. 100 доллардан 1000 доллар аралығында. Көліктің дөңгелегі кір болса, 500 доллар төлеуге міндеттісіз. Тазалық мәдениеті сақталған елдің қатарында Германия да бар. Онда тазалықты таңнан қара кешке дейін комиссарлар қадағалайды. Ережеге бағынбайтындарға заң қатал. Бұл елде әрбір қадам сайын арнайы қоқыс жәшіктері қойылған. Темекіге, бөтелкеге, сағыз, шемішкеге арналған ыдыстар бар. Француздар да тазалыққа бейжай қарамайды. Айналаны ластаса 1500 еуро айып төлеуіңіз мүмкін. Жапонияда қоқысты: шыны, жанатын, қайта өңдеуге жарайтын, жанбайтын деп бөліп, арнайы ыдыстарға салады. Әрбір жапондықты мектеп жасынан тазалық мәдениетіне үйретеді.


Бізде экологиялық мәселенің өзектілігі сезілуде. Жылдың қай мезгілі болмасын жел тұрып, құм суырып, шаңы аспанға көтеріледі де жатады. Дегенмен, соңғы уақыттары жер тазалығына бел шеше кіріскенімен, қоныстар тап-таза киіпке енбей тұр. Бұл – сана мәдениетін көтеру қажеттілігін көрсететіндей.


Қызылорда қаласының 10 жылғы көрініс-келбеті мен бүгінгі жағдайы жер мен көктей өзгерді. Сырдың бас шаһары тазалығымен мақтанатын деңгейге жетті. Бұл ретте, Сингапурдегідей ортаны ластаған адамдарға әкімшілік айыппұлдар салып, қаланы бей-берекет ластамауға шақырды. Осы тәжірибені аудандар да жүргізуге әбден болады.

Кеше Жаңақорған кент әкімдігі көше комитеттерінің басын қосып, тазалық мәселесін шешілу жолдарын талқылады. Кенттің тазалығын ұдайы қадағалап, тиісті жерлерге жауапты адамдарды белгілеп, тұрғындарды тазалықты үндеуге шақырды. Бұл жөнінде кент әкімінің орынбасары Серік Сейдуалиев:


"Бізге жетіспей жатқаны жауапкершілік. Тазалық шашылмаған жерде сақталады. Осыны түсіндіру қиын болып жатыр. Тазалықшылар түске дейін жинап кеткен жер түстен кейін шашылып жатады. Бұған кім кінәлі? Ешкім емес. Өзіміз. Өйткені біреу сырттан келіп, шашып кетпейді ғой!" – деді.


Тұрмыстық қоқыстан химиялық реакциялар жүріп, ауа мен суды ластап, топырақты тоздырады. Бұл – өсімдіктердің өсуін баяулатып, тағам қауіпсіздігіне, қала берді адам қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.


Табиғат жанашырлары аталған проблеманы жергілікті билік пен белсенді азаматтар өзара іс-қимыл нәтижесінде ғана тойтара аламыз деп есептейді. Өйткені бұл Үкіметтiң ғана емес, қоршаған ортаның ертеңіне бейжай қарамайтын әр адамның көкейiнде жүруге тиiс мәселе. Бұл тұрғыда қоқыстың өзін кәдеге жаратып, аталған проблеманы ертерек еңсерген елдердің тәжірибесіне үңілу артық етпес. Себебі қатты қалдықтар былай тұрсын, борситын тамақ қалдықтарынан биогаз өндіріп отырған мемлекеттер бар.


Осы саламен айналысып, бизнеске айналдырамын деген кәсіпкерлерге бағыт сілтейтін «KazWaste» қауым¬дастығы бар. Ұйым кәсіпорындарға, мемлекет органдарына, жұртшылыққа қалдықтарды басқару саласындағы қызметті жүзеге асыру барысында туындап отыратын мәселелерді шешуге көмек көрсетеді. Мұны «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайты растайды.


Қауымдастықтың құрамына жасыл экономиканы қолдайтын жеке кәсіпкерлер мен 30-дан астам ұйым кірген. Қалдықтар саласындағы мәселелерді инновациялық техноло¬гияларды қатыстырумен, халықаралық стандарттарды ұстанумен кәсіби тұрғыдан шешуге бағытталған. Қауым¬дастық жұмысы өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мемлекет пен халықтың мүддесін қорғауға ықпалын тигізеді.


Бүгінде көптеген аурулардың көбеюіне ауа мен судың ластануы себеп болуда. Бұл біздің ауданға да ортақ мәселе. Бұған тазалықтың тікелей әсері бар. Бұл жөнінде аудан тұрғындарының арасында сауал жүргізіп, халықтың пікірін де білген едік.


Кент тұрғыны Шынар Нұржанқызы былай дейді: «Бізде тазалық жоқтың қасы. Қай көшеге барсаң да үйіліп жатқан бөтелке, баклашка қалдықтары мен ақтарылып жатқан бала жөргектерін көремін. Жауапты мекемелерден бөлек, әрбір үй тұрғыны өздерінің ауласын таза ұстаса, айналасын жиып-теріп отырса, мұндай олқылықтар болмас еді. Мысалы, өзім үйімнің айналасын күнде жинап отырамын. Есігімнің алды тап-таза болып тұрса, маған да жақсы ғой».

Тазалық ластамаған жерде сақталады. Бұл ойды Қанат Ермеков қуаттап:


"Ауданымыздың тазалығы бұрынғы жылдарға қарағанда әлдеқайда жақсы. Қаланың тұрмыс-тіршілігіне бейімделіп келе жатырмыз. Таң атысымен көшеде көліктер қоқыстарды жинап, үйіміздің алдынан алып кетіп жатыр. Бұрын қоқыстан аяқ алып жүре алмайтынбыз. Тіпті, өлген ит, мысықтың иісінен аузы-мұрнымызды жауып әрең өтетінбіз. Қазір олай емес. Орталық көшелерге қарасам көңілім жайланып, кәдімгідей қуанып қаламын", – деп ризашылығын білдірді.


Сарапшылар дамушы елдерде қоқыс өндеудің кемшіліктері – біріншіден, тұрмыс қалдықтарын өндейтін технологияның жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтардың үлкен көлемі және адамдардың қоқыстан болатын залалдың, экологияға әкелетін қауіпті толық сезінбей отырғанынан дейді. Сансызбай Аблазимовтың ойы осымен ұштасады:


"Бізде сыйлы адамдар келетін кезде ғана көшелер тазаланып, су себіліп жататыны шындық. Басқа уақытта көшелер қоқыстан көз ашпайды. Әрине, бәріне әкімдік кінәлі емес. Адамдардан ұят кетті-ау! Не деген масқара, бір жап-жас келіншек бананның қабығын лақтырып кетіп барады. Әлгіні тоқтатып алып, тазалыққа неге мән бермейтінін сұрағанымда «Не шаруаңыз бар?» деді. Сонда әркім қолындағысын лақтырып кете берсе, Жаңақорған – «қоқыс кентіне» айналады ғой!" – деді.


Сол себепті мұндай қоқыс қоршаған ортаға да, адамдардың денсаулығына да, жан-жануарларға да үлкен қауіп төндіреді. Мәселен, жыл сайын әлемде 400 миллион тонна пластик қоқыс шығарылады екен. Өкініштісі де сол, 400 миллион тонна қоқыстың жартысына жуығы – сусын құтысы, қаптама секілді бір реттік пайдаланылатын пластмасса өнімдер. Алайда жалпы пластик қалдықтың тек он пайызы ғана қайта өңделеді. Қалғаны полигондарға төгіліп, ормандар мен далаларда шашылып, мұхиттарды ластайды. Шамамен, жыл сайын 23 миллион тонна пластмасса өзендерге, көлдерге, теңіздер мен мұхиттарға ағып кетеді. Шартараптың экологтері пластмасса қалдығына бас ауыртуы бекер емес. Ірі өндіруші компаниялар пластмасса өндірісін жылдан-жылға ұлғайтып келеді. Сарапшылар бұған шектеу қойылмаса немесе реттелмесе 2050 жылға қарай пластик өнім тұтыну көлемі екі есеге артатынын айтып дабыл қағуда. БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының деректеріне сәйкес, қайта өңдеу саласына 65 миллиард доллар инвестиция қажет. Бірақ бұл пластик өнеркәсібіне салынған инвестицияның жартысы ғана.


Сондай-ақ алдағы жиырма жылда пластикалық ластануды 80 пайызға азайту мол пайда әкелмек. Әсіресе денсаулыққа, климатқа, ауаның ластануына, мұхитқа төнген қауіпті азайтады. Алда-жалда әлем осындай қадамға бара қалса, 3 триллион доллар шығынның алдын алуға мүмкіндік туады. Бұдан бөлек, ауаға парникті газдардың шығуын да азайтады. БҰҰ келтірген деректе жаһандық көмірқышқыл газы шығарылымы 500 миллион тоннаға азаятыны көрсетілген. Қоқыспен күресу үшін кей мемлекет пластмасса өнімдерін азайтуды жоспарлап отыр. Мәселен, Еуропалық комиссия былтыр бір реттік пластик қаптамалар өндірісін шектеуге қатысты заң жобасын ұсынды. Басты мақсат – 2050 жылға қарай қоршаған ортаға зиян келтірмейтін өңірге айналу. Осы жолда мейрамханалар, қонақүйлер және дүкендерде бір реттік пластмасса қорапшалар мен қаптамаларға тыйым салынбақ. Мұның бәрі түптеп келгенде қоршаған ортадағы тепе-теңдік заңдылығын сақтап, әлемді экологиялық апаттан қорғап, адам денсаулығына қамқорлықтан туып отыр.


Жаһан жұртының алдында екі мәселе тұр. Біріншісі, ауызсу мәселесі күрделеніп келеді. Екіншісі, аймақтардың тазалығы сын көтермейді. Қатты қалдықтармен қоғамды ластағанша, жиыптеріп, өткізіп отырсақ, қаражатқа айналып шыға келеді, бастысы аулаңызға жинап, Насырулла ағаның кәсіпорнына хабар берсеңіз болғаны. Әрі, кәсіпкер Насырулла ағамыздың кәсібіне демеу бергеніміз болар еді. Ал, мемлекеттен берілетін көмекті құзырлы органға қалдырайық.