Кәрім Мәсімовтің үйі тағы да сатылмай қалды

1 261

Фото: Коллаж Stan.kzҚазақстанға опасыздық жасады деп сотталған Кәрім Мәсімовтің үйі аукционда тағы да сатылмай қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бұған электрондық сауда алаңы сайтындағы деректер дәлел. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайталама аукцион 28 наурыз күні сағат 10:00-де өтті. Алайда аукционға бірде-бір қатысушы тіркелмеген немесе  ешқайсысы бастапқы бағаны растамаған.

Лоттың бастапқы бағасы өзгермеге, яғни 1,8 миллиард теңге, кепілдік жарна – 117,9 миллион теңге. Алғашқы аукцион да сәтсіз аяқталды.

Аукцион алдында кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпарат тараған еді. Кәсіпкер аукционның бастапқы шарттарына қарамастан мүлікті сатып алу туралы келісімге келгені айтылды. Қайтарылған активтерді басқаратын компания бұл ақпаратты жоққа шығарды. Жәкішевтің өзі мұндай жоспары жоғын айтты. 

Бұған дейін 10 ақпанда Өндірілген активтерді басқаратын компания Мәсімовтың Астанадағы үйін 1,8 миллиард теңгеге сатуға қойған еді. 25 ақпанда алғашқы аукцион өткізіліп, Кәрім Мәсімовтің үйі сауда-саттықтың бірінші сатылымында өтпей қалған. 

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынды. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылған.