Дөңгелекке жел беріп жатқан: Павлодарлық жұмысшы дөңгелек жөндеу орнында қаза тапты

445
"16 шілдеде сағат 13:00-де Павлодарда Жібек жолы көшесіндегі дөңгелектер жөндейтін орында ауыр жүк көлігінің дөңгелегіне жел беру кезінде дөңгелек жарылып кеткен. 38 жастағы жұмысшы алған жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды", – деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша "Еңбек қорғау ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 
Бұл факті бойынша кінәлілерді бес жылға дейін бостандықтарын шектеу немесе бас бостандығынан айыру я болмаса белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе үш жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу күтіп тұр. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.