Екпеге қарсы азаматтар Нұр-Сұлтан қаласында митингке шықты

501

Нұр-Сұлтандағы Нұржол бульварында тіркелмеген El Tiregi партиясының өкілдері жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Спутник Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Митингке келген адамдар міндетті вакцинацияға қарсы екендіктерін айтты.
"Біздің балалардан қолдарыңды тартыңдар!", "Үкімет отставкаға кетсін" - деп айқайлады жиналғандар.

Наразылық білдірушілерді полиция қызметкерлері қоршап алды, сондай-ақ қауіпсіздік күштерінің автобустары тұрды.

Митингке Нұржан Әлтаев бастап шықты. Ол тәртіп сақшысына әкімдікке митинг өткізу туралы хабарлама жіберілгенін, бірақ жауап келмегенін түсіндірді. 

Жиналыс болған жерде Нұр-Сұлтан қаласының полиция өкілі әкімдікке хабарлама келмегендіктен партияның шеруін заңсыз деп мәлімдеді.

Шеруге шығушылар "Бәйтерек" бағытына қарай жүрді. Кейіннен Нұржан Әлтаевтан басқа митингке қатысушылардың барлығы дерлік ұсталды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.