Қызылордада 1,5 жасар бүлдіршін ауыр хәлде көз жұмды
Қызылорда облыстық жұқпалы ауруханасында бір жарым жастағы қыз бала ауыр хәлде көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер рентгеннен бөгде затты байқамаған және баланы бронхитпен емдеген. Кейін бүлдіршіннің жағдайы күннен күнге нашарлай берген.
Бала екі аптадан астам уақыт облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында болған. Бірақ дәрігерлер оның жағдайының нашарлау себебін анықтай алмаған.
Анасының айтуынша, алғашқы рентгенде маман бөтен затты байқамаған. Сондықтан осы уақыт ішінде баланы бронхитке қарсы емдеген. Қыз бала ішіп-жей алмай, қатты қиналып қайтыс болған. Амина есімді сәбидің анасы Оксана Шильеваның айтуынша, 18 қаңтар күні таңғы асқа ботқа жегеннен кейін қызы құса бастаған. Оксана қызы жаңғаққа тұншығып қалды деп ойлап, оған аса мән бермеген.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында балаға антибиотиктер беріліп, тамырға дәрілер енгізілген. 23 қаңтарда анасы қызымен бірге жағдайы жақсарған соң үйіне жіберген. Бірақ келесі күні бүлдіршін қайта ауруханаға түскен. Оның тыныс алуы қиындап, сырыл пайда болған. Температурасы 38 градусқа көтерілген. Демалыс күндері жағдайы күрт нашарлаған.
Анасы түстен кейін қызын көруге барғанда, оны толығымен аппараттарға қосып қойғанын көрген. Дәрігерлер асқазанды тазалап, тамақтандыру үшін зонд қойғандарын айтқан. 31 қаңтарда Амина көзін ашпаған. Сол күні кешке ғана дәрігерлер жағдайының себебін анықтаған – қайталанған рентген көмейде бөгде зат барын көрсеткен. Қызды шұғыл түрде облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізіп, балалар хирургі шақырылған.
Аминасының анасы әділдікке қол жеткізіп, қызының өліміне кім кінәлі екенін анықтағысы келеді. Ол дәрігерлер неге уақытында қауіпті бөгде затты байқамай, қызын құтқара алмағанын білгісі келеді. Әйел Қызылорда облыстық полиция басқармасына шағым түсірген. Жақын арада құжаттар денсаулық сақтау министрлігі мен бас прокуратураға жіберіледі.
Облыстық полиция департаменті баланың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Тағы да оқыңыздар
