25 жыл бірге тұрған күйеуі әйелін пышақтап өлтірген

1 531

Фото: Opennews.kz ЖИТүркістан облысында егде жастағы ер адам 25 жыл отасқан әйелін пышақтап өлтірген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, екеуі үйінде сөзге келген. Ал қансырап жатқан әйелді алдымен кіші баласы тауып алып, жедел жәрдем шақырған.  Алайда, әйел адам есін жимастан, реанимацияда жан тапсырған.

Бұл ақпаратты  Түркістан облысының Полиция департаменті растаған. 

«Күдікті ұсталып, қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданбақ. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - деді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал көршілерінің айтуынша, ауыр жарақат алған әйелді ең бірінші оның кіші ұлы байқаған. Анасының дауысын естіген жас жігіт бөлмеден шығып, оны қан-жоса күйде көрген. Ол дереу жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер әйелді аман алып қала алмады. Ерлі-зайыпты шамамен 25 жыл бірге тұрып, төрт бала тәрбиелеген. Қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.