Жанармай құю станциясында жарылыс болды

1 675

Фото: видеодан скриншотАқтөбе облысында Ойыл ауылының шетіндегі газ құю станциясында жарылыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жанармай құю бекетінің өртеніп жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында бірнеше топ жұмыс істеп жатқанын хабарлады.


“Ойыл ауылының шетінде газ баллоны жарылып, артынша жанармай құю бекеті өртеніп, ол жақын маңдағы қосалқы ғимаратқа ұласқан. Ойыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында. Өртті сөндіру жалғасып жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.