Адам өлтіре жаздаған жедел-жәрдем қызметкері сотталды
Қосшы қаласының соты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағандықтан абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан үшін "103" пультінде шақыртулар қабылдайтын фельдшерге қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сотта хабарланғандай, "103" қызметінің диспетчері артериялық гипертензиямен есепте тұрған пациенттен кеудедегі ауырсынуға шағымданған өтінішті қабылдаған. Шақыру жеделдіктің бірінші санаты бойынша қабылданып, Қосшы қаласына қайта бағытталды.
Сотталушы кінәсі сараптамалардың қорытындыларымен, жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, фельдшерге шақыруларды қабылдау бойынша шақырудың жеделдігі санатын өзгертуге тыйым салатын нормативтік құқықтық актілермен және істің басқа материалдарымен расталды.
Сот Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына жеке қаулы шығарды, ол жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің медицина саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өрескел бұзуына назар аударды, бұл абайсызда науқастың денсаулығына ауыр зиян келтірді.
Сот үкімді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы, "Ақмол" қосалқы станциясы және Қосшы қаласының емханасы қызметкерлерінің қатысуымен өткізді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.