Әскери-техникалық мектеп жаңа курсанттармен толықты

271
Қызылорда қаласындағы әскери-техникалық мектебі мамыр айында 36 курсантты қабылдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 
Бұл осы жылы Қызылорда гарнизонында орналасқан әскери-техникалық мектебіне қабылданатын курсанттардың үшінші легі. Олар алдағы уақытта жоспарға сай тактикалық, жауынгерлік және атыс дайындықтарының ерекшеліктерін оқып, әскери-патриоттық тәрбие сағаттарына қатысады. Әскери-техникалық мектепте оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданатын білікті мамандар сабақ береді.
 

– Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Мен мектеп табалдырғынан офицер болуды армандайтынмын. Әскери-техникалық мектеп қабырғасында өзімнің әскери білімімді толықтырып, алдағы мақсатыма қадам жасаймын. Осында алған тәрбие болашақта міндетті түрде өз пайдасын беретініне сенімдімін, – дейді курсант Олжас Айтбай.

Алдағы 40 күн ішінде жауынгерлер казармалық тәртіпке үйреніп, оқу-жаттығу полигонында 2 рет қарудан оқ атулар жүргізеді. Күнделікті әскери дәріс тыңдай отырып, тактикалық, жауынгерлік, саптық т.б. тәжірибелерін жетілдіреді. 

Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебін бітірген әрбір жауынгер ел Қарулы күштеріне қызмет етуге дайын.
 
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы 
лейтенант  Мұхит Қонаров
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.