Темір торда жазасын өтеушілер жүн түтіп, табыс табады

1 519

Фото:© Opennews.kz/ЖИЕнді темір торда жазасын өтеп отырғандар түрмеде жүн түтіп, дайын өнім шығарып, табыс таба алады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Шымкент пен Түркістандағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жергілікті кәсіпкерлермен меморандум жасады. Соның аясында колонияда жазасын өтеп жатқан 26 сотталушы жұмыспен қамтылған. Оларды «Прод Ком» ЖШС кәсіпорыны қабылдаған. Цех мал жүнін өңдеумен және одан дайын өнім өндірумен айналысады. Күн сайын 3 тоннадан астам жүн өңделіп, дайын өнім шетелге экспортталады.

Енді сотталғандар осы мекемеде жұмыс істеп, еңбекақы алады. Сол арқылы мемлекет алдындағы берешектерін, талап-арыздарын және жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, олар үш мезгіл тамақпен, жатақханамен қамтамасыз етіліп, тұрақты бақылауыда болады. Болашақта жұмыс орындарын көбейту жоспарланған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.