Қант тапшылығы жоқ

266
Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілерде кейбір азық-түлік тауарларының, соның ішінде қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарады, - деп хабарлайды  Opennews.kzақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылады. АШМ (ауыл шаруашылығы министрлігі – Ред. дерегі бойынша жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.


Жедел деректер бойынша республика бойынша барлығы 1,5 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон – 21,3 мың тонна және 1 млн тонна көкөніс өнімдерінің жинағы тұр.


Сауда комитеті бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ екенін жеткізді. Олардың мәліметінше, қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды. Қор толтырылып отырады.


Сондай-ақ қазіргі уақытта Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетпен ӘМАТ бағасын көтеру фактісі бойынша және Маңғыстау, Алматы облыстарында тыңайтқыш өндіруге қатысты анықтау жұмысы жалғасып жатыр. 


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлауынша, Ақмола облысында нан өндірушіге және Жамбыл облысында қант зауытына қатысты 2 тергеу аяқталды. Бұған дейін жасалған 8 хабарламаға сәйкес өнім бағасы (Қостанай облысында – 5 және СҚО – 3) төмендетілді. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі жасалған. ӘМАТ сауда үстемесі 15-тен 10%-ға дейін төмендетілді.