Шымкенттік әйел 8 жасар баласын полицей ұрып-соқты деп кінәлап отыр

303

Шымкентте әйел 8 жасар баласын полиция қызметкері ұрғанын мәлімдеп, құқық қорғау органдарына шағым түсірді. Полицей балалардың төбелесіне араласып, өз баласына болысқан. Алайда өз жұдырығының күшін есептемепті. Тәрбие жұмысын жүргізген бала ауруханадан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап. 

Балалар алаңындағы дау-дамай туралы көпбалалы ана әлі күнге дейін айтуға жүрексінеді. Екі ай бұрын оның 8 жасар ұлы құрдастарымен келіспей қалған. Олардың бірі әкесіне шағымданады. Ал әкесі оларды татуластырудың орнына баланы ұрып-соққан. 

“Бұл оқиғаның болғанына екі ай болып қалды. Мен 1 жасар баламды кіреберісте қарап жүрген болатынмын. Бұл уақытта 8 жасар ұлым скейтпен ойнап жүрген. Көрші бала ойын алаңында отырып, оған тас лақтырды. Балам шыдамай, барып сәл ұрған. Бұдан кейін жанжал аяқталып, балалар ойнауын жалғастырған. Бірақ, бір кезде көрші еркек келіп, баламды басынан ұрып, жерге құлатқан. Артынан тепкілеген. Оқиғаға көршім айтқаннан кейін ғана араластым. Онымен ұрысқан жоқпын, баламды ұрып, тепкілемей жай ғана ұлыма  жасаса болатынын айттым”,- дейді ол. 


Анасының айтуынша, баланың түнде жағдайы нашарлаған. Денесін көтере алмай, басы қатты ауырған. Кейін жедел жәрдеммен ауоуханаға барыпты. 


Алайда 8 жасар баланы ұрған формадағы ер адам кінәсін мойындамады. Баланы да, анасын да көрмегенін, бұл аумақта ешқашан тұрмағанын айтып, басын ала қашқан. 


Полиция департаменті "балалар жанжалына" байланысты тергеумен айналыспайтындарын мәлімдеді. Істі жеке қауіпсіздік басқармасы қараған. Сол жерде сотқа дейінгі тексеру туралы хабарланды. Алайда, сараптама нәтижелері бойынша іс тоқтатылған. 


"14 шілдеде біз сот-медициналық сараптама нәтижелерін алдық. Алимбаев Ерасылдың ешқандай жарақат алмағаны анықталды. Ал бұл ұрып-соғудың белгілері мен іздері жоқ дегенді білдіреді. Осыған байланысты Усманованың өтініші бойынша қылмыстық іс қозғауға себеп болған жоқ.


 Бірақ қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеру барысында Нұрлан есімді полицейдің полиция аға лейтенанты Нұрлан Аребаев екені анықталды”, – дейді аға инспектор Қымбатбек Қойлан. 

Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін бұзғаны үшін Департаменттің аға лейтенанты бәрібір қатаң сөгіс алған. Бірақ бұл нәтиже Ұлбосынды қанағаттандырмайды. Айтуынша, енді балалары ата-аналарынсыз сыртқа шығуға қорқады екен.