Қазақстанда 2025 жылға қарай жол сапасы жақсарады

385
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев 2025 жылға қарай Қазақстанда жол сапасы жақсаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер онлайн-брифингте вице-министрден елімізде сапасы жақсы жолдар қашан салынатынын сұрады.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін республикалық жолдарды 100 пайыз нормативтік жағдайға келтіруіміз керек..." - деді Камалиев.

БАҚ өкілдері вице-министрдің сөзін бөліп, "дәріс оқымауын" сұрады.
 
"Бұл дәріс емес, БАҚ-қа бар ақпаратты жеткізу. Өздеріңіз білесіздер, біз әлемде тоғызыншы орында тұрмыз. Сондықтан, бес жылдан кейін барлық жол сапасы жақсарады деп айту...

Менің айтайын дегенім, бізде ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда жолдар жаман емес. Басқа елдерде жолдарды қарап жүреміз. Бүгінде Ресей Федерациясына дейін салынған автобандар, бетон жолдар бар. Бетон жолдар 2006 жылы салына бастады. Бүгінде Астана-Бурабай жолы қызмет етеді. Басқа жолдар да жаман емес. Бірақ егер сандар сіздерді қызықтырмаса, 2025 жылға қарай республикалық және жергілікті жолдарды "сапасы жақсы" деп айта алатын жағдайға келтіреміз", - деп жауап берді Камалиев.