Қазақстанның бірнеше өңірінде шенеуніктер ұсталды

402

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Қазақстанның бірнеше облысындағы ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлері ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ШҚО бойынша АШБ басшысы В.Айламазян, Жамбыл облысы бойынша АШБ басшысының орынбасары Е.Күлкеева және Маңғыстау облысы бойынша АШБ басшысының орынбасары Б.Ізімтаевты ұстады", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілі ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын айтты.