Қазақстанда 127 мыңнан аса адам тұмау жұқтырған
Алматы облысында 127 мыңнан аса адам тұмау жұқтырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жоғарғы тыныс алу жолдарының респираторлық вирусты инфекциясы бар науқастардың 65 пайызы - 14 жасқа дейінгі бала. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда бұл сырқатқа шалдығу көрсеткішінің 23,9 пайызға төмендегені байқалады. Эпидемиологиялық қадағалау барысында респираторлық вирустың аденовирус, парагрипп түрлері анықталды.
Тұмау облыс орталығы Қонаев қаласында да көбейіп тұр. Қалалық ауруханаға күніне жүзден аса адам қаралады.
Қаз
Рус






