Көлікпен басып кеткен: Жаппай төбелес кезінде жасөспірім көз жұмды

1 516

фото: freepikМаңғыстау облысының Бейнеу елді мекенінде болған жаппай төбелес салдарынан 17 жастағы бозбала көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше 17 жастағы жігітті төбелескендердің бірі көлікпен басып өткен. Төбелеске 15 адам қатысты.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың төртеуін қамауға алды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Келесі баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды:

  • өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіру;
  • бұзақылық.

Ұсталғандардың ата-аналары баламызға қатыгездік танытты деп құқық қорғау органдарына шағым түсірген.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты құқықтық баға беріледі», - дейді Маңғыстау облыстық прокуратурасы бірінші басқармасының бастығы Данияр Төлегенов.

Қазір кешенді сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.

«Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің нақты неден көз жұмғанын анықтайды. Жасөспірімдердің соққысынан немесе көлік басып кеткеннен қайтыс болуы мүмкін. Сол кезде біз бұл жайттарға қатысты нақты және дұрыс баға бере аламыз», - деп түйіндеді Төлегенов.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.