Аудан әкімінің орынбасары 14 миллион теңге парамен ұсталды

1 945

Фото: Ашық дерек көзіАлматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.


Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікке ілінгені айтылады.

“Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды”, –делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таратқан ақпаратта.


“Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп қосты агенттік.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.