Көшеде пышақ ұстап жүрген ер адам қолға түсті
Алматыда полицейлер көшеде пышақпен жүрген ер адамды ұстады. Ол медиктерге тапсырылып, мамандандырылған мекемеге жатқызылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, оқиға 30 тамызда Бостандық ауданында болған. Полицияға пышағы бар ер адам туралы хабарлама түсіп, содан кейін оқиға орнына экипаж бағытталған.
«Оқиға орнына келген қызметкерлер ақпаратты растап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ер адам ұсталып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Оның Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталды, кейіннен ол мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызылды», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД.
Полицияда қазіргі уақытта төңірегіндегілерге қауіп төніп тұрмағанын атап өтті.
Қаз
Рус






