«АБАЙСЫЗДА АЛАЯҚ АТАНДЫМ»
349

- Бар кілтипан осы жерден басталды. Бұған дейін қарызға алған сиырларым бар болатын. Сөйтіп адамдарға қарызым 6 млн. теңгеге жетті. «Алаяқтық» бабы бойынша пробациялық тіркеуге алындым. Артынша көп ұзамай 6 жылға сотталдым. Қарыз болғаным рас. Кінәмді толық мойындаймын. Бұл мен үшін үлкен сынақ болды. Мұндағы өмір әр іс-әрекетің үшін «жеті рет өлшеп бір рет пішудің» маңызды екенін ұқтырды. Қылмыс әлемінде абайсызда қиындыққа шырмалған жақсы адамдардың бар екенін көріп отырмын. Айналасына зұлымдық ойламаса жүре алмайтын ұрда-жықтармен дәмдес боламын деп ойладым ба? Енді қалған 5 ай мерзімімді жақсы аяқтап, бостандыққа шықсам екен. Қазіргі басты тілегім осы,- деді Бектас.
Ақтөбе облысының тумасы жаза мерзімін өтеу үшін Ақтау қаласындағы ГМ-172/6 мекемесіне қамауға алынған болатын. Кейіннен Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесіне ауыстырылды.
- Бектас, кейбір сотталғандар сияқты өзін дипрессияға түсірген жоқ. Әр қиындықтың артында жақсылықтың бар екеніне сенеді. Оның үстіне үйдегі жары мен 2 баласы өзіне деген сенімін арттырып отырды. Таксафонмен әр сөйлескен сайын ерекше жақсы көретіндерін үнемі айтып келеді. Тәртібі, қызметкерлермен қарым-қатынасы жақсы,-деді ЗК-169/5 мекемесінің психолог маманы Айдос Жүсіпбеков.
Абайызда алаяқ кейпіне енген Бектас бостандықтағы өмірін жоспарлап, бұдан былай жаза баспауға ант етіп отыр.
ЗК-169/5 мекемесі