Ақтөбеде үшем дүниеге келді
Ақтөбелік Расул мен Полина Саматовтар үшемді өмірге әкелді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агентігі.
Әкімдіктің мәліметінше, сәбилер 30 мамырда Ақтөбе медициналық орталығында дүниеге келген. Оларға Амир, Амин және Айша есімдері берілген.
Медициналық университет кафедрасының профессоры Светлана Шиканованың айтуынша, статистика бойынша ЭКО технологияларынсыз үшемнің дүниеге келуі – сирек кездесетін жағдай.
Десе де Полина Саматованың жүктілік пен босану кезеңі сәтті өткен. Сәбилердің жағдай қанағаттанарлық болған соң перзентханадан шығарылған.
Жалпы жыл басынан бері Ақтөбе облысында 5255 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 51-і – егіздер, ал екеуі – үшем.







