Украина әскерінің басып кіруіне байланысты Қазақстан Ресейге көмектесе ме?

1 590

Фото: kommersant.ruМәскеу Украина қарулы күштерінің Курск облысына басып кіруіне қатысты ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) көмек сұраған жоқ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы ҰҚШҰ хатшылығы мәлімдеді. 

"ҰҚШҰ қабылдаған тәртіпке сәйкес, әскери көмекке мұқтаж бірлестікке мүше мемлекет ұйымға ресми түрде хабарласуы керек. Бүгінге дейін Ресей Федерациясынан Курск облысындағы жағдайға байланысты мұндай сұрау түскен жоқ", – делінген ұйым хабарламасында. 


Украина қарулы күштерінің Ресейдің Курск облысына шабуылы басталғаннан кейін 7 тамызда Курск облысында аймақтық төтенше режим енгізілді. 

Ұйымның мәлімдемесінде Украина әскерінің Курск облысына басып кіруі "ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы әскери қақтығыстың өршуінің жаңа кезеңі" деп аталды.


"Біздің аналитикалық қызметіміз тәулік бойы жұмыс істейді. Біз жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырмыз және Ұйым жарғысына сәйкес әрекет ететін боламыз", – делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.