Мемлекеттен бір жарым миллион теңгені кім ала алады

1 632

freepik.comBusiness.enbek.kz порталында 15 шілдеден бастап екінші лек бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Республика бойынша 4 655 адамға грант беріледі.


Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты – жаңа бизнесті бастау және дамыту.


Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.


Өтінім беру үшін қажет:

  • Порталда тіркелу;
  • Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
  • Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • Өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.


Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.