Зейнет жасына жақындаған адамдарға арналған «Күміс жас» жобасының мөлшері ұлғаймақ

212
Жаңа жылдан бастап зейнет жасына дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысу кезеңі мен субсидия мөлшері ұлғаймақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Аталған жобаға 50 жасқа толған қазақстандықтар 3 жылға дейін қатыса алады.

Жобаны іске асыру шеңберінде жұмыс берушілер мемлекеттен белгіленген жалақы мөлшерінің 50%-ына субсидия ала отырып, зейнет жасына дейінгі (58 жастан бастап) адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыстың ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Келер жылдан бастап жобаға қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар кіреді. Қатысу мерзімі (36 айға дейін) мен жалақы бойынша субсидия мөлшері ұлғаяды.

Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.

Айта кетсек, «Күміс жас» жобасы аясында жыл сайын кемінде 15 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.