Қала тұрғындарын қорқытқан «елес» қызға 69 мың теңге айыппұл салынды

1 780

Семейде «елестің» костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан 22 жастағы қыз ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ПД-ның мәліметінше, оқиға жексенбі күні кешке қаладағы жерасты өткелдерінің бірінде болған. 22 жастағы қыз «елестің» костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан.


Полицейлер қоғамдық орында қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, сырт келбетімен өтіп бара жатқандарды шошытып жүрген тұрғынды анықтады.


Оның үстінен ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін материал жиналды, - деп түсіндірді полицейлер.


Сот шешімімен қыз кінәлі деп танылып, 69 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Семей қаласы полиция басқармасы облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтап, қала тұрғындарының тыныштығын бұзбауды сұрайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.