Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған азаматтың отбасы 5 жылдан бері пәтер ала алмай жүр

1 810

Фото: Миясар Тілеумұратованың жеке архивіҚаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Талғат Қашыбековтің туыстары уәде етілген баспананы бес жылдан бері ала алмай келеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тәртіпсіздіктер кезінде оққа ұшқан ер адамның артында әйелі мен төрт ұлы қалған еді. Жұбайы Миясар Тілеумұратованың сөзінше, әкімдік алғашында пәтер береміз деп, кейін беруден бас тартқан. Қазір көпбалалы ана халықтан көмек сұрауға мәжбүр болып отыр.

Қаңтар оқиғасы кезінде алматылық Миясар Тілеумұратованың күйеуі Талғат Қашыбековке оқ тиіп, көз жұмды. Сол мезетте Миясар Тілеумұратова төртінші ұлына жүкті еді.

Қазір ана 4 баланы өзі асырап отыр, отбасы жалдамалы пәтерде тұрады екен. Миясар Тілеумұратованың балаларының үлкені – 15-те, ал кішісі 3-те. Ең кіші ұлы әкесін көріп те үлгермепті. Бұған дейін отағасы такси жүргізушісі болып жұмыс істеген. "Барлық" базарының алдында Шымкенттен келгендерді күтіп алып, қалаға жеткізетін.

“Қаңтар құрбандарының жұбайларымен ортақ чат аштық. 11 адамбыз. Сондағы 6 әйел әкімдіктен үй сұрап барды. Кейін кезек-кезек үй алғандарын айтып, жаза бастады. Ал қалған бесеумізге ештеңе айтылмады да, берілген де жоқ. Біз де барып сұраған кезде “ешқандай баспана берілмеді” деп жылы жапты. Кейін тағы сұрағанымызда, Алматы әкімдігі “жауап береміз, күтіңіз” деп шығарып салды”, – деді төрт баланың анасы.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.