Алматылық студент 7-қабаттан құлағалы тұрған сәбиді құтқарып қалды
267
Алматыда 7-қабаттан құлағалы тұрған 2 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қалалық Төтенше жағдайлар депаратментінің хабарлауынша, 67 жастағы Ермекбай Тамабаев "Алтынбұлақ" көпқабатты тұрғын үй кешенінің 7-қабатынан құлайын деп тұрған баланың аман қалғанына куәгер болған.
Кеше түстен кейін Ермекбай Тамабаев бір жасар немересін көтеріп, үйінің ауласында серуендеп жүрген. Кенеттен ол баланың жылаған даусын естиді. 7-қабаттан подъездегі балконның қоршауында кішкентай баланың салбырап тұрғанын байқаған.
“Басы темір торларға тіреліп, денесі мен қолдары сыртта салбылап тұрды, ол құлап кетеді ме деп есім шықты", – деді ақсақал.Қолындағы бір жасар баланы тастап кете алмаған қарт кіреберісте тұрған жастарды көмекке шақыра бастапты, алайда ешкім оған назар аудармаған.
"Егер бала құлап кетсе, ең болмаса үйге кіреберістің шатырына көтерілуді өтіндім. Менің өтінішіме дереу көмекке жас жігіт жүгіріп барды. Тордың арасында ілініп тұрған баланы соңғы минуттарда құтқарып үлгерді, әрі қарай үрейден не істерін білмей тұрған анасына табыстады", – деді ақсақал.
Сәбиді құтқарған Ерасыл Архатұлы Абай атындағы педагогикалық университетінің Дене шынықтыру факультетінің студенті екен.